АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Алматы сауда үйінде тың тыңдау құрылғылары астыртын сатылған деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Рейд барысында полиция аудиоақпаратты жасырын түрде алуға арналған GSM-тыңдау құрылғылары сияқты арнайы техникалық құралдардың екі түрін тапқан. Бұдан бөлек, дүкенді тінту кезінде тағы бір GSM-тыңдау құрылғысы мен, бейнекамера орнатылған салпыншақ табылды. Н. есімді азамат ұсталған.
Полиция берген мәлімет бойынша, 21-23 ақпан аралығында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы саласында 21 құқықбұзушылық анықталды. Контрафакт белгісі бар екі мың DVD заңсыз айналымнан алынды. Бұдан бөлек, порнографиялық өнім сатудың екі дерегі анықталып, жаңа компьютерлік технологияларға қатысты бірнеше қылмыс әшкереленді.