Оқиға

Көкшетау базарында порнофильмдер сатылған

© Sputnik / Александр Алпаткин / Медиабанкке өтуПираттық дискілер
Пираттық дискілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау базарында пираттық дискілерді сатқан сатушыға қомақты айыппұл салынуы мүмкін

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Орталық базарда порнографиялық фильмдерді сатқан Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Орталық базар ауданында пираттық DVD және CD дискілер сатқан 34 жасар қала тұрғыны ұсталды.

Сатушыдан жалпы саны 149 диск тәркіленген, олардың 12-сі порнографиялық фильмдер. Сараптама тағайындалды.

Ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) қылмыстық іс қозғалды. Бұл құқықбұзушылық үшін 2 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе сондай көлемдегі түзету жұмыстарына салу, не болмаса екі жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданады. Сонымен бірге айыптының мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Жаңалықтар
0