Өңірлер

Астана маңындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды

© Photo : ДЧС Акмолинской областиБөгет
Бөгет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы "Безымянная" бөгетінің бұзылу қаупі бар

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Ақмола облысы Жібек жолы ауылында бөгеттің бұзылу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көктем келе жатыр: қар мен боран Қазақстаннан кетіп барады

"Жібек жолы ауылы маңында орналасқан Есіл өзеніндегі "Безымянная" бөгетінің шлюздік және бетон конструкцияларының бұзылу қаупіне орай Аршалы ауданы аумағында жергілікті төтенше жағдай жарияланды", — деп мәлімет берді ТЖД.

Адам қазасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігіне келтірілетін зиянның алдын алу мақсатында Аршалы ауданы әкімі осында шешім қабылдаған екен.

Жедел қызметтер сақадай сай дайын отыр. Жібек жолы халқы да хабардар етілді. 

Жаңалықтар
0