АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстанда жуырда күн жылынады, ауа температурасы нормадан 3-5 градусқа жоғарылайды деп хабарлады Қазгидромет.
"Қар жудырып, боран соқтырған атмосфералық фронтар Қазақстан аумағынан кетіп барады. Олардың орнына республиканың көптеген облыстарында 22 және 23 ақпанда ауа-райын анықтайтын антициклон келеді", — деп болжайды синоптиктер.
Мамандардың болжамына сүйенсек, Қазақстан аумағының көбінде аз бұлтты, ауа температурасы климаттық мәндерден 3-6 ° С жоғары болатын, жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде.