АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жұма күні Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды, отандасы – Ян Савицкий ауа райы қолайсыздығы кесірінен дәл сондай жетістікке жете алмады.
Жақында қыздар арасындағы спринтті жеңіп алған Вишневская жұма күні он шақырымдық пасьют жарысында алға озып, мәреге жеткенше көшбасшылығын сақтап қалды, екінші орынды қытай қызы Ян Жан және қола жүлдені тағы бір қазақстандық аруымыз Дарья Усанова иеленді.
Ерлер арасындағы дәл осындай жарыста қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды. Оның айтуынша, тұрып ату кезінде қатты жел соғып, нысананы көздеп атуына кедергі келтірген екен.
Сонымен Қазақстан құрамасы төрт алтын, бес күміс және алты қола жүлдемен Азиада кестесінде төртінші орында тұр.