АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская бейсенбі күні таңертең Азиада чемпионы атанды.
Биатлоншы аруымыз қыздар арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте мәреге бірінші болып жетті: көрсеткіші – 20 минут 32,6 секунд. Екінші орынды иеленген қытайлық Ян Чжан біздің қызымыздан 24,2 секундқа қалып қойған.
Қола жүлдені қазақстандық Алина Райкова қанжығасына байлады. Бір қызығы, үш жүлдегер де оқ ату аралықтарында бірде-бір рет мүлт кетпеген.