АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий бейсенбі күні Азиада чемпионы атанды.
Екі оқ ату аралығы бар 10 шақырымдық жарыста Савицкий 26 минут 59,2 секундта мәреге бірінші болып жетті.
Екінші орында тағы бір отандасымыз иеленді – Василий Подкрытов – ол Савицкийден небәрі 15 секундқа қалып қойған: жеңімпаз бірінші оқ ату аралығында бір-ақ қателік жіберсе, Подкорытов әр аралықта бір-бірден мүлт кетті.
Қола жүлде жапондық Микито Тачизакиге бұйырды.
Бейсенбі күні қазақстандық шаңғышы Елена Коломина 5 шақырымдық классикалық стилдегі жарыста екінші орынды иеленді.
Сонымен Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола бар.