Оқиға

8 жасар қыздың өліміне әкелген жол апатының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда баланы қағып өлтірген жүргізуші жәбірленушіні құтқарып қалмақ болған

АСТАНА, 23 ақп — Sputnik. Алматыда сегіз жасар қызды қағып өлтірген автокөлік жүргізушісі бала мен оның анасын ауруханаға апармақ болған. 

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, апатқа кінәлі жолда қайта соқтығысқан. 

"Әлдеқандай көлікпен жанамалы соқтығысып, көлігі өшіп қалған. Жүргізуші анасы мен қызын өзі соққан көлікке отырғызып, ауруханаға жеткізіп салуы өтінген. Өкінішке орай ауруханада қыздың көз жұмғанын тіркеген. Анасының сөзіне қарағанда жолда оның тыныс алуы үзілген. Іздеу бөлімі ЖКО-ға кінәліні іздестіріп жатыр, ол белгісіз бағытта жасырынған. Анасы полицияға жүгінбеген, ауруханадан бізге сигнал автоматты түрде түсті", — деді Әзірбек телефон арқылы. 

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда көлік қағып кеткен 7 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні кешке орын алған. Автокөлік баланы қағып, енді анықталып жатқандай оқиға орнынан емес, ауруханаға барар жолда қашып кеткен. Жол апаты №185 мектепке қарсы бетте орын алды. 

Кешенді жедел-тергеу шаралары барысында Алғабас ауылының тұрғыны 1973 жылғы азамат ұсталды. Ол өзінің "Мазда-626"  маркалы көлігін келесі "Көксай" елді мекеніндегі туыстарының үйіне жасырып қойған. 

"Авотмобиль сотқа дейінгі тергеу материалдарына заттай дәлел ретінде тәркіленді. Анықтау бөлімшесі осы іс бойынша сараптамаларды тағайындаған. Жүргізуші өз кінәсін мойындаған. "Ол қорқыныштан оқиға орнынан қашып кеткенін мойындады. Бұрындары ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", — деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Өз тарапынан Алматы ІІД-ның Анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов жүргізушінің екі бап: 345-баптың 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бап "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу"  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын нақтылады. 


Жаңалықтар
0