Өңірлер

Алматыда көлік қағып кеткен 7 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды

© Sputnik / Виктор ТолочкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз баланы соғып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Алматыда сәрсенбі күні кешке автокөлік бүлдіршінді қағып, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлайды қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі.

Өтпеу керек - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға 19.03-те болған. Бастапқы болжам бойынша, қара түсті Mazda 626 автокөлігі №185 орта мектеп алдында 2009 жылы туылған қызды қағып, қашып кеткен. Бүлдіршін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

"Қыз анасымен бірге келе жатқан. Әйел адам көліктің маркасы мен нөмірін жаттап үлгермепті. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты дерегі бойынша сот алды тергеу ісі басталды. Біздің бөлімше қызметкерлері жедел іздеу жұмыстарын жүргізуде. Азаматтар арасында куәгерлер бар шығар, істі тергеу үшін солардың түсініктемесі қажет", — деді полиция полковнигі Ерік Насырбеков.

Қолда бар ақпаратты келесі нөмірлерге хабарлауға болады: 8-707-222-88-87 және 8-707-599-09-11.

Жаңалықтар
0