Оқиға

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

© Sputnik / Болат ШайхиновӨтпеу керек
Өтпеу керек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Алматы облысындағы көлік апатының мән-жайын анықтауда

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Алматы облысындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты және тоғыз адам зардап шекті.

Audi мен Mercedes Sprinter Еңбекшіқазақ ауданы арқылы өтетін автожол учаскесінде соқтығысқан. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы тоғыз адам әр түрлі жарақат алып, Есік қаласының ауруханасына жеткізілді.

Полиция берген мәліметке сүйенсек, көлік апатында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы тұрғындары зардап шеккен.

Қазіргі уақытта жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Апатқа айыпты адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса белгі бір лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынып немесе белігілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал. 

Жаңалықтар
0