АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. 27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр.