АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевты қолдайтындығын білдірді.
Жұма күні Астанада Елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Ақышевтың баяндамасын тыңдаған мемлекет басшысы Ұлттық банктің "былтырғы қиын-қыстау жылда жақсы жұмыс істегендіктерін" атап өтті.
"Батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа. Әр ісің адал, заңға сай болсын. Біреу килігетін болса, бірден маған айт", — деді Елбасы Ақышевқа үкіметтің кеңейтілген отырысында.