Өңірлер

Павлодар облысында автожолда 70-ке жуық автокөлік жиналып қалды

© Photo : пресс-служба КЧС МВД РКПавлодар облысында автожолда 70-ке жуық автокөлік жиналып қалды
Павлодар облысында автожолда 70-ке жуық автокөлік жиналып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эвакуацияланған жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты "Қызылорда-Павлодар" тас жолының жабылуы салдарынан 67 автокөлік жиналып қалды, оларда барлығы 204 адам болған, оның бесеуі жас сәби деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі баспасөз қызметі.

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сәрсенбі Қазақстанның басым аумағында боран соғады

Мәліметке сәйкес, сексен адам "Кемпингте" және қонақ үйлерде орналастырылды, 124 адам эвакуациядан бас тартып, автономды пеш орнатылған автокөліктерінде қонып қалды. Шідерті ауылы орта мектебінде жолаушыларға ыстық тамақ берілуде.

Новосибирск-Павлодар автожолында Успен ауданында он төрт жолаушысы бар рейстік автобус жыраға түсіп кеткен.

"Жолаушылар жолай кездескен көлікпен Павлодар қаласына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0