Өңірлер

Сәрсенбі Қазақстанның басым аумағында боран соғады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым аймағында тұман, көктайғақ, боран болып, жел тұрады

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде аздап қар жаууы ықтимал, республиканың оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола облысында тұман, төменнен соққан боран болады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20, түнде ұйытқуы – 25 м/с.

Қазгидромет баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алматы облысында түнде түсуі ықтимал, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні – 18-23 м/с.

Жамбыл облысының кейбір аудандарында тұман түсуі мүмкін, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында – көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз – тұман, көктайғақ.

Ақтөбе облысында – желдің ұйытқуы – 18 м/с, төменнен соққан боран болады.

Қостанай облысында, синоптиктердің болжауынша,  боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні – 17-22 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 23-28 м/с, төменнен соққан боран.

Түнде Павлодар облысында кей жерлерде боран соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, түнде желдің ұйытқуы — 15-20 м/с, төменнен соққан боран.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің күшеюі – 15-20 м/с. 

Жаңалықтар
0