АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің басшысы Досым Сәтпаевқа хабарласып, вице-министр Альберт Раудың зейнетақы қорынан бөлінетін 50 миллиард теңге туралы жаңылыс мәлімдемесі үшін кешірім сұрады.
ҚР инвестиция және даму министрлігі ресми түрде хабарлағандай, ҚР ИДМ коллегиясындағы Альберт Раудың баяндамасында айтылған "Қазақстан темір жолы" вагондарының өнідірісіне БЖЗҚ-нан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпарат жобаны қаражаттандырудың бір жолы ретінде ғана ұсынылған. Бұл саланы қаржыландыруға БЖЗҚ-нан басқа да көздерді жұмылдыру қарастырылуда.
Досым Сатпаевтың айтуынша, ҚР Ұлттық банкі де БЖЗҚ-дан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпаратқа қатысты өз ойын білдірген: ҚР "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтері ҚР Ұлттық қорын басқару Кеңесі мақұлдаған бағыттар бойынша инвестицияланады.
"Мәселенің анық-қанығына жету үшін келесі аптада ҚР Ұлттық банк өкілдерімен кездесуге ұйғардық. Сонда олар зейнетақы активтерінің қалай басқарылатындығы туралы ақпарат береді", — деді Сәтпаев.