Оқиға

Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің басшылары жұмыстан шығарылды

© Photo : Минобороны КазахстанаҚазақстан әскерлері
Қазақстан әскерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бөлімше командирі мен штаб басшысының жұмыстан шығарылуы тәртіптік шешім, қылмыстық іске еш қатысы жоқ

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысында жеті әскери қызметкердің қазасынан соң екі әскери басшы қызметтерінен босатылды деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Премьер-министр Казахстана Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: Айдың-күннің аманында жеті арысымыздан айырылып қалдық

"Қорғаныс министрі бөлімше командирі мен штаб бастығын қызметтен босатты. Бұл тәртіптік шешім және қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясы тарапынан оқу-жаттығу шараларының ұйымдастырылуы туралы сұрақтар туындағандықтан, қорғаныс министрі осы лауазымды тұлғаларды жұмыстан шығаруға шешім қабылдады", — деді Талғат Мұхтаров сейсенбі күні үкімет отырысынан соң тілшілерге.

Айта кетейік, 17 ақпанда Көксай шатқалындағы әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты. 16 адам қар құрсауынан құтқарылды. 

Жаңалықтар
0