Оқиға

Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 7 миллионға дейін өтемақы беріледі

© Photo : Пресс-служба ДЧС АлматыСнежная лавина сошла на автодорогу Алматы - БАО
Снежная лавина сошла на автодорогу Алматы - БАО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханада жатқан сарбаздар дәрігерлер мен психологтардың бақылауында.

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 4-тен 7 миллион теңгеге дейін өтемақы беріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жанұзақов хабарлады.

 «Біз ауруханада жатқан әскерилерге барып, жағдайларын білдік. Олардың халі қалыпты. Дәрігерлер мен психологтардың бақылауында. Облыс әкімімен бірге қаза тапқандардың отбасыларында болдық. Сарбаздарды жерлеу бойынша барлық ұйымдастыру шаралары өткізілді», — деп хабарлады министр бүгін үкімет отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қар көшкіні астында қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты

Министр қазақ тапқан сарбаздың әрбір отбасына қаржылық және моральдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Сонымен қатар әрбір отбасыға шамамен 4 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін өтемақы беріледі», — деді ол. 

Қазір арнайы мемлекеттік комиссия Жамбыл облысында жұмыс істеп жатыр. Ол қайғылы оқиғаның себептерін анықтайды. 

Айта кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында Көксай шатқалындағы әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын.


Жаңалықтар
0