АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық және өз атынан Жамбыл облысында әскери жаттығулар кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды", — деді Елбасы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігіне қаза тапқан жеті сарбаздың отбасыларына қолдау көрсетіп, жан-жақты жәрдем беруді тапсырды.
"Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", — деп қорытты президент.