Оқиға

Жамбыл облысында бір топ адамға қар көшкіні түсуінің мән-жайы аталды

© Анатолий УстиненкоТаулар
Таулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысындағы көшкіннің астында қаза тапқан әскери қызметкерлердің жас шамасы 29 бен 21 аралығында болған

АСТАНА, 18 ақп – Sputnik. Жамбыл облысының әкімдігінде Көксай шатқалындағы қар көшкіні астында әскерилердің қазасы туралы кейбір мән-жайды айтып берді. 

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қар көшкіні: қайғылы оқиғаны тексеру ҚР премьерінің бақылауына алынды

17.02.2017 жылы сағат 13-15-те, Жуалы ауданы, Алатау ауылы жанында (ТЖ орнына 35-40 шақырым) қорықшы Әлімбековтен "Көксай" шатқалында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 91678 ә/б таулы қорықшы полктың 23 әскери қызметкерлері қар көшкінінің астында қалғаны жайында хабар түсті. Сағат 13-50-де қорықшы Әлімбеков тағы да хабарласып, қардың астынан 4 әскери қызметшіні шығарғандығы,17 адам әлі қар астында екенін хабарлады. Оқиға орнына бірден құтқару бөлімшелері жіберілген. Іздеу-құтқару жұмыстарына 185 адам 24 техника қатысты. 

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында сағат 17-00-де 4 адам табылды, 2-і қайтыс болған 2-і жарақаттанғандар; сағат 17-15-те 9 адам табылды, 5-і қайтыс болған 4-і жарақатталғандар. Сағат 18-30-да тағы алты адам тірі табылды. 

Оқиға орнында кіші сержант Кыдырбаев М.Т.1991 жылы туылған, кіші сержант Ерисбаев А.К. 1992 жылы туылған қатардағы ш/қ Кенесов Т.К.1993 жылы туылған; кіші сержант Аралбаев А.Ж. 1988 жылы туылған; қатардағы ш/қ Шакен Н.К. 1995 жылы туылған ефрейтор Турысмаганбетов М.Б. 1991 жылы туылған аға лейтенант Мошабаев А.К. 1991 жылы туылған қаза тапты. 

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында әскери қызметкерлерге қар көшкіні түсті

Сағат 22-30-да Тараз қаласындағы госпиталге 16 адам жеткізілді. Әкімдіктің ақпарана сәйкес, капитан Пернебаев Б.Б. 1988 жылы туылған оң қабырғасының соғылуы; аға лейтенант Аманбаев Б.О. 1990 жылы туылған – қатты тоңазу; сержант Мамыралиев Н.С. 1985 жылы туылған жабық бас сүйек ми жарақаты (ЖБСМЖ), бас миының шайқалуы (БМШ), кеудесінің оң жағы жарақаты, қатты тоңазу; ҚРҚК қызметкері Жумагалиев А. Т. 1982 жылы туылған – жарақат, бел омыртқасының дисторсиясы; ефрейтор Орынбек М.Н. 1993 жылы туылған – қатты тоңазу, сол жақ аяқтың ұзақ уақыт қысылып қалу синдромы; ефрейтор Жамалаев Н.А. 1995 жылы туылған көлденең жабық сынық L-1, L-3, L-4 сол жақ. Люмбалгиялық синдром, қатты тоңазу; ефрейтор Турысбек Д.С. 1995 жылы туылған – қатты тоңазу; қатардағы ш/қ Кулжабаев Д. 1991 жылы туылған – қатты тоңазу.

Медициналық қаралудан соң ефрейтор Едильбаев А.К. 1988 жылы туылған; сержант Сунгибаев Ж.М. 1983 жылы туылған; ефрейтор Асембеков Б.Б. 1993 жылы туылған, сержант Аюбеков А.Б. 1993 жылы тулған; сержант Сагындык Х.С. 1993 жылы туылған; ефрейтор Кайырбекулы У. 1994 жылы туылған, ҚРҚК қызметкері Балкибеков Р.А. 1989 жылы туылған қатардағы ш/қ Туймебеков Б.О. 1981 жылы туылған үйлеріне қайтарылды. 


Жаңалықтар
0