АСТАНА, 17 ақп — Sputnik. Қазақстан әскери қызметкерлері Жамбыл облысында оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қар көшкіні жүрді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің жоспарлы әскери дайындық барысында кенеттен қар көшкіні жүрді", — деп хабарлады ведомствода.
ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Оңтүстік" өңірлік басқармасында қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылды. "Осы оқиғаға байланысты атқарылған жұмыстардың барысы туралы кейінірек толығырақ хабарланатын болады", — деді ведомстводағылар.
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментте Sputnik Қазақстанға, әскери бөлімшенің командирі оқиға орнына кеткен, қазіргі уақытта онымен байланыстың жоқ екенін хабарлады.