Оқиға

Универсиадаға келген төреші "Шымбұлақта" көшкіннің астында қалып, көз жұмды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар көшкіні
Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік төрешінің көз жұму себебі Универсиаданың сыртында трассадан тыс сырғанау кезінде орын алған жазатайым жағдай болған

АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Шымбұлақ тау шаңғысы курортында қар көшкіні салдарынан Красноярск қаласынан фристайл делегациясымен келген ресейлік техникалық төреші Алексей Белоспуцев көз жұмды. 

"Сағат 14.06-да БКДҚ Алматы қаласы ТЖД –ның Универсиаданың "Шымбұлақ" ТШК  нысаны бойынша топ жетекшісі А.Мырзағалиевтен ""Шымбұлақ" ТШК құтқарушыларына РФ азаматы Алемасов Спартак Шымбұлақ тау шаңғысы курортының батыс бөктерінде трассадан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні түсіп, астында бір адамның қалып қойғаны туралы хабарлағанын жеткізді. Белгілі бір уақыттардан кейін ҚР ІІМ ТЖК іздеу жүргізген иттердің бірі іздеу орнын белгіледі", — делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Құтқарушылар сағат 15.23-те Ресей Федерациясының азаматы 1986 жылы туылған Белослудцев Алексейдің денесін шығарды. Іздеу тобының құрамына кіретін жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері реанимациялық әрекеттерден кейін сағат 16.14-те кісі өлімін тіркеді. 

Ер адамның көз жұму себебі Универсиаданың сыртында трассадан тыс сырғанау кезінде орын алған жазатайым жағдай болған, деп хабарланады. 

Қаза тапқанның досының сөзіне қарағанда, олар әдейі сырғанау үшін тыйым салынған орын екенін түсіне отырып, фрирайд жаттығуы үшін қол тимеген қалыптағы  тау бөктерін таңдаған. Түскен көшкін көлемі 350 текше метр қарды құраған.  


Жаңалықтар
0