Қоғам

Елбасы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚауіпсіздік кеңесі отырысы
Қауіпсіздік кеңесі отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент мемлекеттік органдарға барлық салаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Астанада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды:

– Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясының іске асырылу қорытындылары, Стратегияда белгіленген алдағы кезеңге арналған негізгі қадамдардың таныстырылымы;

– әскери-техникалық саясаттың бірқатар аспектісі;

– "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.

Елбасы құзыретті мемлекеттік органдардың күш-жігері арқасында өткен кезеңде Қазақстанда сыртқы қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қар көшкіні астында қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты

"Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайына, отандық экономиканың қиыншылықтарына қарамастан макроэкономикалық көрсеткіштерді тиімді деңгейде ұстап тұра алдық. Ішкі, өңірлік және жаһандық үдерістерге қатысты жүргізілген талдау алдағы кезеңдегі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал сын-қатерлер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді. Қазір елімізде Қазақстан халқына жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер, ұсынылған саяси және конституциялық реформалар талқылануда. Жалпы, олардың дені республика тұрғындарының қолдауына ие болып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қазіргі кезде қауіптілігі өзекті болып отырған экстремистік және террористік әрекеттерге қарсы тұру ең әуелгі міндет болып табылатынын айтты.

"Жаңа стратегияда аталған қызмет бағыттарының әрқайсысы бойынша тиісті құрылымдардың әрекет ету шаралары қарастырылған", – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0