Қоғам

Түркия қарақшылық жасаған азаматты Қазақстанға қайтарды

© Sputnik / Владимир ФедоренкоТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экстрадицияланған азамат бір топ тұлғамен бірігіп ер адамның 9 миллион теңгеден астам қаражатын ұрлап кеткен

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы ҚР ІІМ Интерполының жәрдемдесуімен "М" азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Түркия Республикасынан экстрадициялады деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ауғанстан іздеудегі алаяқ директорды ҚР-на экстрадициялады

Ведомство мәліметінше, ұсталған адам 2012 жылы адамдар тобымен "Е" азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оның 415 290 теңге көлемінде ақшасын иемденгені үшін айыпталуда. Сонымен қатар, осы тұлғаның 9 миллион теңгеден артық ақшалай қаражатын ұрлап, жасырынды.

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті іздеу жарияланғаннан кейін ол 2013 жылы Түркия аумағында ұсталды.

Түрік тарабы Қазақстан Бас прокуратурасының ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Жаңалықтар
0