Қоғам

Ауғанстан іздеудегі алаяқ директорды ҚР-на экстрадициялады

© AP Photo / Moises CastilloКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкер Ақтауда 11 адамды алдап, ірі көлемде қаражат иемденгені үшін іздеуде болған

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Ауғанстан клиенттерді 80 миллион теңгеге алдап кеткен ақтаулық компания директорын Қазақстанға экстрадициялады деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ауғанстанда ұсталған содырлар Дамир Зналиев пен Абдул Матин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ауғанстанда қамауға алынған қазақстандық содырды отанына экстрадициялайды

Ауғанстан Ислам Республикасының құзыретті органдары Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ш. азаматын ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Прокуратура мәліметінше, ол 2014-2015 жылдары Ақтау қаласында ЖШС-лардың бірінің директоры бола тұра, алдау мен сенімді теріс пайдалану арқылы 11 жәбірленушінің 80 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған. Ол жәбірленушілермен жаңа автокөліктер жеткізілімі туралы келісімдер жасасқан және алдын ала төлем алып, Қазақстаннан кетіп қалған.

Директор 2015 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ІІД-мен іздеуде болған және нәтижесінде Ауғанстан аумағында құқық қорғау органдарымен ұсталған.

Жұма күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен ол Қазақстанға экстрадицияланып, Алматы қаласы бойынша уақытша ұстау мекемесіне жіберілген.

Жаңалықтар
0