Қоғам

Қазақстан ЖОО-на шетелдік топ-менеджерлер шақырылады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуЖОО
ЖОО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдіктердің еңбекақысын төлеу үшін мемлекет екі миллиард қаражат бөлмек

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2017 жылы ЖОО-дарын басқару үшін 40 шетелдік топ-менеджерді шақырмақ деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ мектептегі алым-салық және балабақша кезегіндегі жемқорлық мәселелерімен айналысады

2016-2018 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында шетелдік мамандар жұмылдырылатын болады. Былтырғы жылы елдің 11 ЖОО-да жұмыс істеген 22 шетелік азаматқа 115,5 миллион теңге бөлінген болатын. 2017 жылы қазақстандық ЖОО-да тағы 40 топ-менеджер қызмет етеді. Үкімет оларға 981,5 миллион теңге төлеуге дайын. 2018 жылы да сондай сома бөлінбек.

Қорыта айтқанда, шетелдік мамандарды шақыру үшін министрлік 2 миллиард 78 миллион 200 мың теңге төлейтін болады.

Дей тұрғанмен, мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрмағанбетованың пайымдауынша, шетелдік топ-менеджерлердің орнына "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің әлеуетін пайдаланған жөн. Оның министрлікке берген ақыл-кеңесі бойынша, шетелдіктерді жұмысқа тарту бағдарламасының тиімділігін қайта қарастырып, қаражатты білім саласының басқа да маңызды салаларына бөлу керек.

Жаңалықтар
0