АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин сейсенбі күні Саппородағы Азиадада 15 шақырымдық еркін стилді жарысты топ жарып, чемпион атанды.
Мухин қашықтықты 41 минут 25,3 секундта жүріп өтті. Мәреге екінші болып жеткен жапон азаматы Наото Баба одан 4,5 секундқа қалып қойды, үшінші орынды Күншығыс елінің тағы бір спортшысы Акира Лентинг иеленді.
Айта кететін тағы бір қызық жайт, төртінші, бесінші, алтыншы орындарды үш қазақстандық иеленді — Сергей Черепанов, Николай Чеботько және Ердос Ахмадиев.