Спорт

Коломина Азиадада екінші жүлдеге қол жеткізді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото биатлонисток
Архивное фото биатлонисток - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коломина әзірше Азиада-2017 жарысында жүлдеге ие болған жалғыз қазақстандық спортшы

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина сейсенбі күні Жапониядағы Азиадада қола жүлдеге ие болды. Бұл оның құрылықтық қысқы ойындардағы екінші медалі.

Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Коломина Саппородағы Азиадада Қазақстанның алғашқы медалін ұтты

Коломина сейсенбі күні таңертең 10 шақырымдық еркін сайыста мәреге үшінші болып жетті. Бұл жарыста бірінші орынды жапон қызы Юки Кобаяши, екінші орынды кәріс Чэ Вон Ли алды.

Қазақстандық шаңғышы үшін бұл медаль – осы Азиададағы екінші жүлде. Дүйсенбі күні Коломина 1,4 шақырымдық спринтте күміс жүлдегер атанған болатын. 

Жаңалықтар
0