Спорт

Коломина Саппородағы Азиадада Қазақстанның алғашқы медалін ұтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуШаңғы жарысы
Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бір медалмен төртінші орында тұр

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина жапониялық Саппорода өтіп жатқан биылғы Азиадада Қазақстан құрамасына алғашқы медаль әкелді.

конькимен жүгіру - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан Универсиаданың жалпы есебінде екінші орын алды

Коломина 1,4 шақырымға созылған классикалық стилдегі спринтте күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыс бойынша алтын жүлдені Қытай спортшысы Дандан Ман иеленсе, қола жүлде австралиялық Кэйси Райтке бұйырды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан бір ғана күміс жүлдемен төртінші орында тұр. Бірінші орында үш алтын, бір күміс және екі қола ұтқан Қытай құрамасы, екінші орында – Оңтүстік Корея, үшінші орында – Жапония. 

Жаңалықтар
0