Өңірлер

Қазақстанның жеті облысында жолдар жабық

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖол
Жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожол телімдерінде қозғалыс тоқтатылды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты Қазақстанның жеті облысында автожолдар жабылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайты.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) барлық автокөлік түрлері үшін келесі жолдар жабылды:

— Ақмола облысында – Астана-Петропавл автожолы телімінде (18-230 км, Астана-Щучинск);

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстандықтарды сейсенбі күні қарлы әрі желді ауа райы күтеді

— Ақтөбе облысында – келесі автожол телімдерінде: Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (92-258 км, Ембі-Шалқар), Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай облысының шекарасы (0-234 км, Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысы шекарасы), "Солтүстік айналма жол" (0-39 км), Донское-Бадамша (17-48 км), Петропавловка-Хазретовка (0-36 км), Ақтөбе-Родниковка-Мартук (5-74 км), Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі (111-175 км);

— Алматы облысында – Талдықорған-Қапал автожол телімінде (0-76 км);

— Шығыс Қазақстан облысында – келесі автожол телімдерінде: Семей-Қайнар (8-266 км); Омск-Майқапшағай (587-733 км, Семей-Қалбатау ауылы), Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (108-123 км, 15-102 км Глубокое ауылы-Шемонаиха), Алматы-Өскемен (683-1048 км, Таскескен ауылы – Ұлан ауылы, 778-1048 км, Аягөз қаласы-Ұлан ауылы), Қарағанды-Аягөз-Бұғаз (447-704 км), Өскемен-Семей (10-198 км, Герасимовка ауылы-Семей, Шүлбі ауылы-Жаңа Шүлбі ауылы), Семей-РФ шекарасы (2-113 км), Өскемен-Ридер-РФ шекарасы (41-105 км Секисовка ауылы — Ридер), Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанант (0-41 км), Дмитриевка — Бородулиха — Шемонаиха (0-87 км), Бородулиха — Жезкент (0-49 км), Воскресеновка — Петропавловка — Шелехово — Белағаш — Дмитриевка (0-64 км), Шар — Бақыршық (0-42 км), Шемонаиха — Секисовка (0-54 км), Семей — Курчатов (4-130 км), Семей — Қарауыл (4-182 км), Семей — Долонь — Большая Владимировка — Сосновка — Қоянбай (0-184), Өскемен — Самарская (63-145 км);

— Қарағанды облысында – келесі автожол телімдерінде: Қарағанды — Аягөз — Бұғаз (60-217 км, Ботақара ауылы — Қарқаралы), Қызылорда — Павлодар (970-1135 км, Қарағанды — Павлодар облысы шекарасы);

— Қостанай облысында – келесі автожол телімдерінде: Қарабұтақ — Қостанай (231-389 км, Ақтөбе облысы шекарасы — Денисовка ауылы), Денисовка — Жітіқара — Мықтыкөл — РФ шекарасы) (82-174 км, Жітіқара — РФ шекарасы), Қостанай — Әулиекөл — Сурган (108-232 км, Қостанай — Әулиекөл ауылы — Ақмола облысы шекарасы), Сарыкөл — Большие Дубравы (0-56 км), Жітіқара — Ливановка (1-73 км), Қойбағар — Қарасу — Севастопольский (0-124 км), Ұзынкөл — Сарыкөл (0-79 км), Тобыл — Тарановское — РФ шекарасы, Жітіқара — Чайковское (0-27 км);

— Павлодар облысында – келесі автожол телімдерінде: Қызылорда — Павлодар (1135-1206 км Шідерті ауылы — Қарағанды облысы шекарасы), Шақат — Восточное — Шалдай (0-121,6 км), Майқайың — Екібастұз (0-29 км).

Жаңалықтар
0