Өңірлер

Қазақстандықтарды сейсенбі күні қарлы әрі желді ауа райы күтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің көптеген аймақтарында тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді деп күтіледі

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады деп болжанады, оңтүстік өңірде ғана жауын-шашын болмайды деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола облысында боран болады, кей жерлерде қатты соғады, желдің екпіні – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 23-28 м/с.

Қазгидромет баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қостанай облысында – желдің екпіні – 15-25 м/с, кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысында, синоптиктердің болжауынша, боран соғады, таңертең тұман түседі, басым бөлігінде түнде жел күшейеді, күндіз кей жерлерде күшеюі – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің екпіні – 15-25 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, көктайғақ.

Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында – тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің ұйытқуы – 18 м/с, түнде төменнен соққан боран. 

Жаңалықтар
0