Қоғам

Баян Мақсатқызы Жоғарғы соттан бұрынғы күйеуіне шығарылған үкімді қайта қарауды сұрайды

© SputnikБаян Есентаева
Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баян Мақсатқызы өзіне қастандық жасағаны үшін сотталған бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкімді қайта қарауды сұрайды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Жоғарғы сотқа бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкімді қайта қарастыру туралы өтініш берді деп хабарлады Жоғарғы сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Баян Есентаева (Мақсатқызы) - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Есентаева тұрмыс құрмақ

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына сотталған Есентаев Б. Т. адвокаты мен жәбірленуші Есентаева Б. М. атынан сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініш түсті", — делінген сот хабарламасында. 

Баспасөз қызметінің айтуынша, өтініштің бастапқы қаралу күні талап етілген қылмыстық іс сотқа түскеннен соң анықталады.

Жаңалықтар
0