АСТАНА, 22 қаң — Sputnik. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы (Есентаева) өзінің instagram желісіндегі парақшасында тұрмасқа шығатынын хабарлады.
Продюсердің хабарлауынша, ол тұрмысқа шығу туралы ұсыныс қабылдаған. Баянның қалаулысы "Galanz Bottlers" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тұрсынғалыи Алагөзов.
Баян Мақсатқызы жарты жыл бұрын күйеуі қатты соққыға жыққаннан кейін ажырасқан болатын. Оның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев сондай-ақ оған пышақ жарақатын салған. Өткен жылдың күзінде ол 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.