Өңірлер

Лисаковскіде "Церковь жатвы" миссионеріне балалар арасында уағыз жүргізгені үшін айыппұл салынды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуТаурат
Таурат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысында заңсыз уағыз жүргізгені үшін миссионерге ірі көлемде айыппұл салынды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Лисаковскіде кәмелеттік жасқа толмағандарды "Церковь Жатвы" діни ағымына тартқан ер адамға 400 мың теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Никаб. - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 15 мыңға жуық сектант бар

Ер адам ҚР ӘҚБК 490 бабы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. 

Ер адам кәмелеттік жасқа толмаған О. мен В. есімді балаларды ата-аналарының рұқсатынсыз "Церковь Жатва" ұйымына қабылдап, діни іс-шараларға қатыстырғаны үшін айыпты деп танылды. Бұл оқиға 3 баптың 16 пунктінде қарастырылған заңды бұзу болып саналады, бұл бапқа сәйкес діни бірлестіктің басшысы ата-анасының рұқсатынсыз кәмелеттік жасқа толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне қатыстырмауы тиіс", — делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында ер адам айыбын мойындаған жоқ. Сот оның қызметін тоқтатумен қатар, 400 мың теңге айыппұл салды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Жаңалықтар
0