Қоғам

Қазақстанда 15 мыңға жуық сектант бар

© Sputnik / Радик Амиров / Медиабанкке өтуНикаб.
Никаб. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иманғали Тасмағамбетов дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту бойынша жұмысты жандандыруға шақырды.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 15 мыңға жуық діни жат ағымдарды қолдайтын адамдар өмір сүреді, деп хабарлады республика премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов хатшылығы. 

"Дерадикализация —  бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана. Ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мың жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды", — деді  вице-премьер Астанада өтіп жатқан VII Азаматтық форумда. 

Бұл ретте, Тасмағамбетовтың сөзіне қарағанда, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ. 

Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес "Нұр-Мұра" ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады. 


Жаңалықтар
0