Қоғам

Прокурорлар әскерилердің қар көшкіні астында қаза табуы ісіне салғырттық деген баға берді

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қар көшкіні салдарынан әскери қызметкерлердің қаза табуы туралы істі "Қызметке салғырт қарау" бабы бойынша тергейді

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Жамбыл облысында жеті әскери қызметкердің қаза табуы бойынша сот алды тергеу ісі "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" бабына сәйкес жүргізіледі деп хабарлады бас әскери прокуратура баспасөз қызметі. 

Таулар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында бір топ адамға қар көшкіні түсуінің мән-жайы аталды

"Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөлімінің жеті әскери қызметшілерінің Жамбыл обылысы Көксай шатқалында жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында қаза болуына байланысты 17 ақпанда Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды", — делінген хабарламада.

Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі кезде аталған төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу бақылауға алынды. Тергеудің нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтар
0