АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қолайсыз ауа райы мен автомобилдік жолдардың жабылуына байланысты қажетті маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша вагондар бөлінді деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ-ның еншілес кәсіпорыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
"Өткен демалыста ұлттық тасымалдаушы теміржолдың барлық телімдері бойынша қосымша 60-тан астам жолаушылар вагонымен қамтамасыз етті. Соның арқасында 3200 жолаушы межелеген жерлеріне уақытылы жетті", — делінген хабарламада.
"ҚТЖ" құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары ауа райы жағдайын ескеріп, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Бүгінде Қазақстанның бүкіл аймақтарында дерлік жолдар жабылған.