АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстанның сегіз облысындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп xабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын мен желдің күшеюі) барлық автокөліктер үшін жолдар жабық:
— Ақмола облысында — Жақсы — Есіл — Бұзұлык (0-82 км Жақсы к. — Бұзұлык к.), Қостанай — Әулекөз — Сұрған (Сұрган к. — Қостанай облысының шекарасы), Жезқазған — Петропавловск (377-595 км, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы) жолдар учаскесінде;
— Ақтөбе облысында — "Ақтөбе-Орынбор" тас жолының "Мәртүк-Қурайлы" учаскесінде, "Ақтөбе-Атырау-Астраxан" (11-92 шақырымы, Ақтөбе қаласы-Қандыағаш), Донское — Бадамша (17-48 км), Петропавловк — Хазретовка (0-36 км), Ақтобе — Родниковка — Мәртүк (5 — 74 км), Покровка — Темір — Кеңқияқ — Ембі (111 — 175 км);
— Алматы облысында — "Талдықорған-Қапал" облыстық тасжолында, "Үшарал-Достық" тасжолында;
— Шығыс Қазақстан облысы — "Омбы-Қапшағай" тасжолының 756-900 шақырымы, "Семей-Қалбатау" учаскесі, сонымен қатар "Семей-Қайнар" аралығы;
— Қарағанды облысы — "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" республикалық автожолдың 60-217 шақырымындағы "Ботақара-Қарқаралы" учаскесі;
— Павлодар облысы "Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Ақжар-Курчатов" республикалық тасжолы.
Солтүстік Қазақстан облысында облыстық маңыздағы барлық жолдар көліктің барлық түрлері үшін жабылды.