Өңірлер

Дүйсенбіде Қазақстанда бұрқасын болады деп күтіледі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуБұоқасын
Бұоқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады.

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, оңтүстік өңірлерінде қатты қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің 17-22 м/с күшейуі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болып,  желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

 

Жаңалықтар
0