АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" президенті Серік Сұлтанов көз жұмды, деп жазды Facebook әлеуметтік желісінде Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.
"Фармацевтикалық саланың және отандық фармөнеркәсібінің ең жарқын ұйымдастырушыларының бірі Серік Сұлтанов өмірден өтті. Ол әрдайым бірінші болды: дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының бірінші бас директоры, Фармация комитетінің бірінші төрағасы, Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің тұңғыш ұйымдастырушысы, Фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының алғашқы және тұрақты президенті. Бірінші мамандығы бойынша фармацевт болмаса да ол бұл саладағы ең білімді мамандардың бірі еді. (…) Адал дос, қамқор әке, күйеу, ұл, ата. Ол бұл рөлде үнемі таңдандыратын, өйткені жақындарына жан тәнімен берілетін. Соңғы жылдары оның сырқаты туралы білгендер оның еңбекқорлығына, әрдайым істің пайдасы үшін басымдылықтарды қоя білетіне таңданатын. Серіктің кеткеніне сене алмаймын. Бірнеше күн бұрын ол Қазақстанның фарминдустриясын жақтап тамаша сөйлеп шықты", — деп жазды Локшин.
Сұлтанов Серік Егелұлы 1959 жылы 9 қазанда Павлодар облысының Панфилов ауылында дүниеге келді.
Артында әйелі мен екі ересек баласы қалды.
1980 жыл Павлодар экономика институтын тәмамдап "Математика мұғалімі" мамандығына ие болды. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің "Құрылысшы инженер" мамандығы бойынша сырттай білім алды.
Еңбек жолы
1990-1998 жылдары Павлодар қаласындағы бірреттік шприцтерді өндіретін "Мед-полимер" АҚ зауытында бас директор қызметін атқарды. Зауыттың негізін қалаушы.
1998-2002 жылдары – "Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының" "Дәрі-дәрмек" РМКК бас директоры.
2002-2003 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің төрағасы.
2006 жылы – "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы.
2008 жылы – "Медициналық техника жеткізушілерінің қауымдастығы" ЗТБ президенті.
1982-1983 жылдары Кеңес Армиясында борышын өтеді.