АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. 12 ақпанда қайтыс болған ҚР есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің азаматтық жаназасы Астанада өткізілді.
Азаматтық жаназа сейсенбі күні таңертең М. Горький атындағы орыс драма театрында өтті. Жаназаға мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, парламент депутаттары қатысты. Жаңбыршин Ұлттық пантеонға жерленеді.
"Қозеке елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосты, соңынан өшпес із қалдырды. Мемлекет те мұны бағалады. Біз мемлекет басшысы мен үкімет мүшелерінің атынан көңіл айтамыз", — деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов.
Комитет баспасөз қызметінде хабарлағандай, Жаңбыршин 57 жасында дүние салды. Марқұмның қазасына жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі себеп болған.