АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова украиналық Ольга Савчукпен жұптасып сенбі күні Дохадағы Qatar Total Open турниріндегі жұптық разряд финалына шықты, бұл жарыстың сыйақы қоры 776 мың долларды құрайды.
Жартылай финалда Шведова/Савчук жұбы Мартина Хингис (Швейцария)/ Юнг Чан (Тайбей) командасын ұтты – 3:6, 6:2, 10:6. Финалда қазақстандық-украиналық команда Катарина Среботник (Словакия)/ Эбигэйл Спирс (АҚШ) жұбымен сайысқа түседі.
Ақтық сында жеңіске жетсе, Шведова Шведова WTA сериясы турнирлеріндегі жұптық разрядтың 14 жүлдесіне ие болады.