АСТАНА, 7 қар — Sputnik. Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жеке разряд рейтингінің алғашқы жүздігіндегі орындарын сақтап қалды.
Шведова 33-орынды иеленіп, елдің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Путинцева одан бір саты төмен келе жатыр. Екінші жүздікте Зарина Дияс 148-орында. Төртінші жүздікте Камила Керимбаева екі саты жоғалтып, 328-орынды иеленді, Галина Воскобоева 372-орыннан 371-орынға көтерілді.
Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.
Жұптық разряд рейтингінде Шведова 14-орында қалды. Воскобоева екінші жүздікте 174-шіден 172-орынға көтерілді. Путинцева төртінші жүздікте 332-ші орыннан 335-орынға төмендесе, Камила Керимбаева бір қатар жоғалтып, 352-ші болды. Дияс екі сатыға көтеріліп, 359-шы болды.
Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұрса, екінші орынға – француз Каролин Гарсия көтерілді, үшінші орынға француз Кристина Младенович түсті.