Қоғам

Қазақстанда мүгедек жандар ауылдық мәдениет үйіне ғана емін-еркін бара алады

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМүгедек жан
Мүгедек жан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы мүгедек жандардың әр түрлі нысандарға қол жетімділігі туралы көңіл толмайтын деректер ұсынды

АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Бір ғана нысан мүмкіндігі шектеулі жаңдардың барлық санатына толығымен қолжетімді, деп хабарлады ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова. 

"Өңірлер бойынша бүгінгі таңда барлық санатқа Павлодар облысындағы бір ғана нысан қолжетімді – ауылдық округтің бірқабатты мәдениет үйі. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Мен де, сіздер сияқты оның өзгермегенін қалар едім", — деді Жақыпова.

Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Супермен әкім немесе Әсет Исекешев халықпен не туралы сөйлесті

Азаматтарға қолайлы болу үшін барлық нысандар "Доступная среда" порталында көрсетілген. Интерактивті картада мүгедектерге бейімделген барлық қалалар мен нысандар енгізіліпті. Әрбір нысан туралы толық ақпарат алуға болады. 

Картаға сәйкес, бейімдеуге болатын нысандардың жалпы саны ішінде 90%-дан астамы ШҚО, Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында бейімделген. Бейімдеудің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында – 347 нысанның 97-сі ғана. Ал, Астанада 309 нысанның 132-сі ғана бейімделген.

Вице-министрдің айтуынша, бейімдеуге әкімшілік қана емес, кәсіпкерлер де жауапты.

"Азаматтық бастама қоғам тарапынан жүз пайыз жүзеге асуы тиіс, сонда ғана халық болып бір нәтижеге жетеміз", — дейді вице-министр. 

Жаңалықтар
0