АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Айгюзель Кадир. Жанданған таңда елорда тұрғындары Астана әкімі Әсет Исекешевпен кездесуге жинала бастады. "Конгерсс-Холлға" металліздегіш есіктері арқылы кіріп жатқан ондаған адамдар жете тексеруге наразылықтарын білдіріп жатты. БАҚ өкілдері бес қаруын сайлап алып, залда күтіп отырды. Театр әдетіне сай үш қоңырау соғылып, бас кейіпкерлер келді.
"Бұл кездесу жұртшылықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, оның қорытындылары бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады", — деді алдын жорамалдаған ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин.
Әсет Өрентайұлы Астана әкімі ретінде халық алдында есеп беру баяндамасын ширақ және сенімді бастады. Төрт сағаттық менің үнсіздігім мен әкімдік аппараттың тоқтаусыз "сұрақтарға жауап баяндамасынан" кейін Әсет Исекешевтің супермен екенімен сендіре аламын.
Әкімдік мүгедектерге қалай көмектеспек
Ең алдымен елордалық басшы халықтың осал топтарын қорғайтын шешімі туралы мәлім етті.
"2017 жылдың бірінші жарты жылдығында біз аутизммен ауыратын балалар мен мүгедек балаларды сауықтырудың арнайы кешенді бағдарламасын қабылдайтын боламыз. Бұл ең маңызды бағдарламалардың бірі, оның аясында бала бір орталық өрісінде қажетті қызметтер кешенін алатын болады", — деп мәлім етті Исекешев.
Балабақша тәрізді
Одан әрі әкімнің маңызды басымдылықтарының тізімінде – балалардың балаға қатысты емес мәселелері, нақтырақ айтар болсақ, балабақшалардың тапшылығы.
"2017 жылы МЖС (мемлекеттік жеке серіктестік) аясында үш балабақша қосылып, екі мемлекеттік балабақша беріледі, МЖС бойынша тағы алты балабақшаның құрылысы басталды. Біз 30 жаңа жекеменшік балабақшаға білім беру тапсырысын орналастырамыз. Біз 2020 жылға дейін МЖС тетігі есебінен 138 жаңа жекеменшік балабақша ашып, барлық балаларды қамтуды көздеп отырмыз", — деп уәде етті Әсет Исекешев.
Келгіштеп кетті
"Жергіліктілер" мен "қаптап кеткендердің" үнемі сүрінер жері де – ішкі миграция – әкімнің баяндамасынан орын алды. Ешқандай жағымсыз түрткінің жоқ екенін, ескерткім келеді. Тұрғындар легі елдің жүрегінде – "қалыпты ұшу", бірақ мектептердің толып кету мәселесін туғызады. "2017 жылы мектептің жанынан салынған құрылысты бітіреміз. Жеті мектептің құрылысын бастаймыз. Сарыарқа ауданында – үш мектеп, Алматы ауданында – екі мектеп, Есілде – екі мектеп саламыз. Сегіз жанама салудың жоспарын бастаймыз. Биыл 42 мектепті робототехника кабинетімен жабдықтаймыз. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді", — деп бөлісті жоспарларымен елорда басшысы.