АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қазақстан Астанада өтіп жатқан Сирия мәселесі бойынша келіссөздер нәтижелі болып, белгілі бір келісімге қол жетеді деген үмітте, деп мәлім етті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов.
"Қазақстан бүгінгі отырыс нәтижелі болады деген үмітте. Біз алға ілгерілеушілік болып, оқ атуды тоқтату бойынша режім іске асырылатынына үміт білдіреміз. Бұл кездесу Женевадағы келіссөздердің алдында өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға үлес қосады деген ойдамыз", — деді Қамалдинов жалпы отырысты аша отырып.
Ол, Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге бар күш-жігерін салатынын атап өтті.
"Бұл орайда біз Сирия бойынша жағдайды реттеуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Біздің шара Сирияда бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша қуатты құрылым болады және келісімге келеміз деген үміттеміз", — деп толықтырды вице-министр.
Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті кездесу өтіп жатыр. Келіссөздердің бірінші раунды Астанада 23-24 қаңтарда өткен болатын. Бұл келіссөздер Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылған еді.
А