АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Қостанай облысында мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі жедел басқармасының бас маманы – аға офицер С. Қозбақов ұсталып, пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро.
Ведомство қызметкерлері анықтағандай, С. Қозбақов араға Қостанай адвокаттар коллегиясының адвокаты Е. Мұхамеджановты салып, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өңірлік филиалының өкілінен қылмыстық жауапкершілікке тартпай, қорғаншылық жасағаны үшін үш миллион теңгедей пара алған.
Қазіргу уақытта Қозбақов ұсталып, Рудный қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сот алды тергеу жүргізілуде.