АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қарағанды облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандары бойынша еңбек заңнамасын қадағалау бөлімінің басшысы А. Байсалбаевтың пара алғанын әшкереледі деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
А. Байсалбаев кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша оң тұжырымды қорытынды бергені үшін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қызметкерінен 640 мың теңге көлемінде пара алған.
Қазіргі уақытта А. Байсалбаев ұсталып, Қарағанды қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сот алды тергеу жүргізілуде.