АСТАНА, 14 ақп — Sputnik. Қазақстандық депутаттар автомектепте оқусыз жүргізу куәлігін алуға болатын норманы алып тастауды ұсынды.
Сейсенбі күні мәжілісте "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасынының Заңына өзгерістер енгізу туралы" депутаттық заң жобасы талқыланды.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Иманбаевтың атап өтуінше, өткен жылдың маусымында жүргізушілікке үміткерлер өз бетінше дайындалып, мотоцикл және жеңіл көлікті басқару куәлігін ала алатын норма күшіне енген болатын.
Бұл ретте мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің сөзіне қарағанда, бұл шешім қоғамда әртүрлі пікір туғызған.
"Жүргізушілікке үміткерлердің өз бетінше дайындалуы сапасы бүгінде шынымен де жоғары деңгейде емес, — деді Мусин жұмыс тобының отырысында.
"ІІМ деректеріне сәйкес, өткен жылы бұл норманың күшіне енгенінен бастап ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жекелей дайындалған 2,8 мың жүргізушілікке үміткерлердің арасынан тек 20 пайызы ғана куәліктерін алуға қауқарлы болды. Ал жүргізушілік курстарын тәмамдағандар, яғни бұл тұрғыда жылына 500 мыңнан кем емес адамның арасында 50 пайыз жағдайда куәліктерін алады",- деді депутат.
Осыған байланысты депутаттар "Жол жүрісі туралы" заңнаманың 74 бабы 1 тармағына өзгерту енгізіп, көлікті басқаруға куәлік алуға емтиханға өту үшін автомектептердегі оқуға қатысуды міндетті талап ретіндегі ұсынысты ескеріп отыр.