АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Әскери қызметкерлерді тасымалдайтын автокөлік Жамбыл облысындағы тас жолда аударылды, 17 адам зардап шекті деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Автокөлікте 26 әскери қызметкер болған. 17 зардап шеккеннің екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.
"КамАЗ "Айша бибіге қарай кетіп бара жатып аударылған. Көлікте жалпы саны 26 әскери қызметкер болды. Зардап шеккендердің 11-і қазір қалалық ауруханада, алты адам госпиталде", — деді агенттікке сұхбат беруші.
Бастапқы берілген мәлімет бойынша, жол апатына қолайсыз ауа райы себеп болған, дәлірек айтқанда көктайғақ.