Оқиға

Қарағанды облысында қаржы пирамидасының келтірген шығыны 2 млрд теңгеге бағаланды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
41 жастағы әйелге қаржы пирамидасын құрған деген күдік келтірілді, бұл іс бойынша жәбірленушілер саны 900 адам

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қарағанды облысында қаржы пирамидасы келтірген шығын сот алды тергеу кезінде анықталып, екі миллиард теңгені құрады деп хабарлады Октябрь аудандық прокуратура бөлімінің басшысы Саржан Сабыр брифингте.

"Оптовка" қаржы пирамидасын құрып, аса ірі көлемде ақша тарту дерегі бойынша қылмыстық істі құқық қорғау органдары 2016 жылы қазан айында қозғаған болатын

"Бұл қылмыстық іс бойынша Елена Колесникова ұсталды. Ол бұлтарпау шарасы ретінде қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Қамауға алу және сот алды тергеу мерзімі 5 айға дейін созылады. Сонымен бірге, осы қылмысқа қатысқан сыбайластар да анықталды, солардың бірі бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды", — деп хабарлады қадағалау органының өкілі.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде

Тергеу анықтағандай, қаржы пирамидасының келтірген шығыны 1 миллиард 900 миллион теңгеден асады. 

"Бұл іс неге сонша ұзақ тергеледі дейтін шығарсыздар? Себебі үлесшілердің саны жарты мыңдай, қазіргі уақытта 1000 адамнан жауап алдық. Қылмыстық іс аясында 900 адам жәбірленуші болып отыр, олардың 40-ы арыз жазудан бас тартты. Өткен аптада 719 адамнан жауап алынып, 36 адам куәгер ретінде түсініктеме берді", — дейді Сабыр. 

Жаңалықтар
0